13.06.2022
281

ТҮС
Бұл өзі неткен күй еді?
Көремін ылғи түсімде,
Құлынын ерткен биені
Жайқалған шалғын ішінде.
Кісінеп бие жай ғана,
Құлынға қарай ойысар.
Шапқылап құлын айнала,
Желінге келе жабысар.
Оянып сосын жүремін,
Қызғаныш бойға толғандай,
Өзімнен басқа біреудің
Бағына куә болғандай.