13.06.2022
398

АСЫҒЫСПЫЗ
Сәуірде сулар сәл неге
Сықырлап, сеңі бөлінсе,
Айтпақшы болып әлде не,
Тырысқаны ғой өзінше,
Айта алмай, бірақ тынғаны-ай,
Кеттік-ау біз де тыңдамай, —
Асығыспыз!
Қауызын жарған қызғалдақ,
Шуаққа шомып түрлене,
Сыбырлап қана бізге арнап,
Айтпақшы болар бірдеңе,
Алайда сасып, тызақтап,
Кетеміз гүлден біз аттап, —
Асығыспыз!
Өзіміз алған жоғалтып,
Ескі дос келіп тағы да,
Ескі достыққа қол артып,
Жасаса жаңа базына,
Тыңдамаймыз біз оны да,
Құлақ аспаймыз назына, —
Асығыспыз!
Аңсаған асыл арманға,
Қолымыз жетпей қалғанда,
Құса боп оған не етеміз,
Ұмытып тез-ақ кетеміз,
Уақыттың өзі «сөйт» деді,
Асығыспыз ғой өйткені,
Асығыспыз,
Асығыспыз,
Асығыспыз!