13.06.2022
  91


Автор: Ұлықбек Есдәулет

БАЙКАЛ

Тайга — бұғы
Тізесін бүгіп алып,
Су ішеді жылтылдап түгі жанып.
Қайта-қайта шақырып Байкал мені,
Қоздырды ҒОЙ қанымды бүгін анық.
Жолығуды Байкалмен аңсап едім,
Туыстығым сезілді сонша менің,
Мен толқимын жүрегім дүрсіл қағып,
Ол толқиды тереңнен алса демін.
Қарашы оған,
Көзіңді айырмашы,
Байланысты байырғы пайымдашы.
Көкірегінде ол қандай сыр сақтап жүр,
Көкірегімнен бар ма екен айырмасы?
Көлге айналшы,
Қыс келіп орап алсын,
Көлге айналшы,
Көктемде оянарсың.
Қарашы әне, табиғат тына қалды,
Сұлулыққа сұқтанып қарағансын.
Тайга айнала —
Көгілдір қиял мекен,
Кеңістігі көзіңе сияр ма екен?
Ғарыш көктің көзіне
Жер шары да,
Көгілдір боп көрінген сыңайлы екен.
Байкал жатыр
Төсінде күні көлкіп,
Бекіредей жондарын күдірейтіп.
Байкал қалды Сібірде,
Көшті мұхит
Әкете алмай өзімен мұны да ертіп.
Алқынады ол өзімен өзі болып,
Сәл тына қап,
Тулайды жөгіленіп,
Саздақта емес, тауда емес,
Тайгада ол,
Қалған сынды мұхиттың көзі болып.
Ата жұртым,
Сен болып бар арманым,
Біле тұрып бір келмей қала алмадым.
Мен шыр етіп туғанда-ақ,
Шақырып сен
Қанымда ойнап, барыңды хабарладың.
Осы өлкенің өзімнен алыстағы
Же





Пікір жазу