13.06.2022
180
Мен үшін ішіп жатыр ел!
Мен үшін ішіп жатыр ел!
Көп сөзге елти қоймадым.
Ұмытып тойды атымен,
Көктемгі орманды ойладым.
Көгілжім көктем келгенде,
Көк терек — орман алыбы,
Жуандап діңін кергенде,
Қаудырап түсер қабығы.
Сол қабыққа ұқсап,
Еліме
Тарлығым менің сезілсе,
Лақтырып тастап мені де,
Өссін ол, өссін өзінше.
Топырағына енем де,
Тамырына нәр боп көшемін.
Өсуіне оның төбемде
Өлсем де көмектесемін.