13.06.2022
156
ШИЫР ЖОЛ
Жығылған күйден тұра алмай,
Жиырылып бойын жия алмай,
Жылғадан жылға өрлеген,
Шиыр жол — иір жыландай.
Шиыр жол...
Шерлі, қилы күн...
Сұрланып бүккен сұмдығын.
Шиырыла түсіп шағардай,
Жыланның бассаң құйрығын.