13.06.2022
164
АҢҚАУЛАР, ЖАЛҚАУЛАР ЖӘНЕ АҚЫНДАР
«Бәрекелді, бәлі!» деумен мақталып,
Бала кезден жыр әлемін аттадық...
Өмір сүріп
Александр Пушкинше,
Александр-падишаға жақпадық.
Қиялымда Пушкинменен бірдеймін,
Пушкин сынды өлең отын үрлеймін.
Падишаға мен жақпасам мейлі ғой,
Пушкин неге жақпағанын білмеймін.
Ақындарың әр заманда жырғамас,
Ақындардың аққан жасы құрғамас.
Аңқау емес, жалқау емес,
Ақындар,
Ата-жұрттың қазынасын ұрламас!