13.06.2022
  84


Автор: Ұлықбек Есдәулет

БАЙДЫҢ ҚАҚПАСЫ

Атам өтсе бұл қақпаның қасынан,
Қорқып-сасып,
Өзді-өзінен жасыған.
Бұл қақпаны әкем өтіп айналып:
«Бағы бар!...» — деп күрсініпті ойланып.
Жасқанбай-ақ,
Күрсінбей-ақ мен де өткем,
Неден қорқам,
Мұндай қақпа көрмеп пе ем?
Балам болса,
Дүңкілдетіп қақпаны:
«Боққарын бай жойылсын!» деп жатқаны...





Пікір жазу