13.06.2022
137
МАХАББАТ — ҚОЛШАТЫР
Қара жауын құйғанда сорғалап-ақ,
Қолшатырын ашып ел қорғаламақ.
Жауын тоқтап,
Жаһанға болса тыным,
Жұрт та жинап қояды қолшатырын.
Түгесіліп тынымсыз тамшылары,
Аспан түгел айығып,
Аршылады.
Махаббат — сол қолшатыр!
Жұртты қорғап,
Малмандай боп суға өзі малшынады!