13.06.2022
106
Жас едік ол кез ақылсыз...
Жас едік ол кез ақылсыз,
Белді де буып жүргеміз,
Сүргенше ғұмыр татымсыз
Айырылыспаққа мүлде біз.
Жүгіңе бола келіп ең,
Абыржи бердің кеш қалып,
Қоштасарыңда менімен,
Кетпекші болдың пеш жағып.
Отынды жалын аймалап,
Жанғанын оттың көз көрді.
Сонда сен маған жай ғана
Айттың бір сырлы сөздерді.
Бізде енді тірлік басқаша,
Махаббатқа жоқ еш қауіп,
Бірдеңе бола бастаса
Аламыз ылғи пеш жағып.