13.06.2022
  126


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚАРЛЫҒАШ

Қарлығаш ұшты шырылдап,
Балапаны құлап ұядан.
Балалар көріп шуылдап,
Қоршады құсты құлаған.
Құм қаздым үңгіп, құнысып,
Құлаған құсты жерлеуге.
Қарлығаш шыр-пыр жүр ұшып
Қазаға әлі сенбей ме?
Шырлайды ана аяулы,
Қонақтау қайда тыныстап?
Қарлығашым-ау,
Балаңды
Бақпағаның не дұрыстап?..





Пікір жазу