13.06.2022
92
НЕ ҮШІН?
Ол әлі сәби баладай —
Дауысы нәзік,
Көзі отты.
Балалығына қарамай,
Әзіл мен назға өзі епті.
— Орманға түнде барайық!
Аңдиық бұлбұл, кел бүгін!
Тұр ма екен жолда, қарайық
Сүйікті менің орындығым?
— Қанеки, кеттік далаға!
— Қанеки, таңды көрелік!
Бағынбай оған бола ма?
Еріксіз жүрем мен еріп.
Көрдім ғой көпті жалғанда,
Ол болса мүлдем жас әлі.
Онымен жеке қалғанда,
Жалғыздық мені басады.
Мұңайып тұр ол,
Мінеки,
Мінеки, тағы кездестік.
Алай да дүлей мына күй
Басады мені енді өстіп.
Не үшін бардық орманға?
Бұлбұлды неге торыдық?
Не үшін тұрды сол маңда,
Сонау бір жалғыз орындық?