КҮЗДІГҮНІ
Асықпастан аңыздарды кезумен,
Келеміз біз, сырбаз досым, өзіңмен.
Ағыл-тегіл ақтарылса көңілім,
Дәл шіркеуге кіргендейін сезінгем.
Бір пұшпақта кәрі кемпір жөтеліп,
Күздің күні биікте тұр от өріп,
Шақырады жолдастарын жемтіктес,
Қарға ғана тарғыл даусын көтеріп.
Дән дегдітер қырдың қызыл қырманын,
Көрдік біздер түтін басып тұрғанын,
қарап қалдық соңдарынан сүзіліп,
тырау-тырау самғап ұшқан тырнаның.
Самғай-самғай үшкіл бұрыш құрайды,
Көсем тырна тыраулап кеп жылайды...
Тыраулап ол нені, нені сұрайды?
Күзде неге көздің жасын бұлайды?
Қайыршылау қыстақтарды төменгі
Қолдан келсе көзбен санап көр енді.
Күңгірт тартқан күн астында жанады,
Алыс алау жарқыратып белеңді.
Елім менің, бейне қайыршыдайсың,
Жүрегіме неге бірақ ұнайсың?
Уа, менің соры қайнаған қосағым,
Неменеге өксіп-өксіп жылайсың?