13.06.2022
92
Аппақ самал өшті енді....
Аппақ самал өшті енді,
Сұрғылт өңді кеш келді.
Құзғын алды бір тыным,
Қылын қозғап ұйқының.
Қараңғы, жат жақта сен,
Еске мені алдың ба?
Түсіңде көріп, әйтпесе,
Берілдің бе сәл мұңға?
Өзгерсең де ендігі,
Мүмкін емес кемуі —
Сендей жастың өрлігі,
Мендей қыздың сенімі.
Өзіңді аңсап, іздеген,
Қума елесті жыраққа,
Жаным, басқа қызбенен
Жетер болсаң мұратқа...
Ал, тәуекел!
Кеш түсті,
Қарлығаштар төске ұшты.
Жайдың бұлты тарайды,
Көзіңе түн қарайды.