13.06.2022
140
Дидарластық...
Дидарластық,
Душарластық кез келіп,
Діңкелеппіз екеуміз де өзгеріп.
Дүрмек жылдар керуені кідірмей
Ғайып бопты үлгергенше көз көріп.
Жанарыңа жалын іздеп үңілем,
Толқын тулап өз көңілім түбінен...
Зақымдапты-ау сені дағы, мені де,
Зұлмат тұрмыс зілмауырлы жүгімен...