meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.06.2022
  127


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ЖҰЛДЫЗ

Көкте жалғыз,
Жанған жұлдыз,
Назарымды
Көп бөледі,
Арманыма
От береді,
Шақырады
Көкке мені,
Сол жұлдыздай
Жанар болған,
Соған жаным
Алаң болған.
Азап көрсе ол
Төзе алмаған,
Сол жұлдыздай
Көз арбаған.
Кірпік қақпай
Қарай берем,
Үмітсіз көз
Қадай берем.





Пікір жазу