13.06.2022
  116


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АРУАҚТАР

Қоныс болмай ешкімге
Құлазыған ескі үйде,
Құшақтасып отырмын,
Аруақтармен дос күйде.
Көздерінде өшкен от,
Бұлар кімдер?
Есте жоқ.
Кім болса да бәрібір
Енді маған дос керек.
Бұлдыр-бұлдыр өздері,
Былдыр-былдыр сөздері,
Қайдан қолға түсірген
Мен сияқты кезбені?
Тастап жатқан әр жаққа
Қолдары өзі қармақ па?
Аруақты ақын едім ғой,
Айналғам ба аруаққа?





Пікір жазу