13.06.2022
109
ЖҰЛЫН
Нұртасқа
Сен,
Тағдыр,
Ақ періштенің мүбәрак қолы едің,
Қара шайтанның қармағына айналдың,
Қу жұлынға қол салғанға қайранмын.
Мен — биіктіктің бұлбұлы ем,
Тереңдікте енді сайрармын.
Бостандық деген бекер сөз, —
Қан тамырларың бұғауың!
Шекер сөз еріп кетер тез,
Тиылмас бірақ жылауың.
Оқ тиген аққу секілді
Мамығы сөздің бұрқырап,
Осады-ау жасым бетімді,
Сайрармын сонда шырқырап!
Дүние көзі бұлдырап,
Сабақтай алмай инесін,
Бір күліп,
Сосын бір жылап,
Тағар да жұлар түймесін.
Не шығар асып-сасқаннан?
Сезім де сөнді, ой да өлді...
Айнасы сынған аспаннан
Іздерсің менің бейнемді...