13.06.2022
  155


Автор: Ұлықбек Есдәулет

КҮМІС ӨЛЕҢ

Мынау неткен күміс түн!
Күміс күлкі!
Ай астында ақ боз үй — күміс тұрқы.
Түндігінен шыққанмен күміс түтін,
Шынашақтай есікте күміс құлпы.
Күміс әлем!
Аспанда күміс жүген,
Көз суарып көру де дұрыс білем.
Ай астында жондары жылт-жылт етіп,
Табын жортып барады қыр үстімен.
Құлағымды қытықтап күміс дүбір,
Әлдеқайдан иттер де үрісті бір.
Өңім бе осы?
Мен сүріп жүргендеймін,
Алтын да емес, жез де емес, күміс ғұмыр.
Көкжиектен жарқ етіп күміс қамшың,
Жұлдыздардан үзілді күміс тамшым.
Күміс түннің қойнында адасып жүр,
Күміс сезім бауырмал,
Туысқаншыл...





Пікір жазу