13.06.2022
  147


Автор: Ұлықбек Есдәулет

СӨЗ

Сөзбен жүздестім. Сөзбен таныстым.
Сөзге ғашық боп, жата-жабыстым.
Сөздің сиқыры билеп бойымды,
Сөзбен уланып, сөзден бал іштім.
Сөзден от жақтым, ошақ лаулаттым.
Сөзден оқ жонып, жебе заулаттым.
Аңғырт азуды айға біледім,
Албырт көңілді қарға аунаттым.
Сөзге сендім мен. Сөзге теліндім.
Жаным-тәніммен сөзге берілдім.
Сөзден оқ тиді, сөзден жығылдым,
Сөзден қуат ап, сөзге жегілдім.
Сөзбен алыстым. Сөзді кемірдім.
Сөзден шаршадым. Сөзден жеңілдім.
Еттен өттің ғой, сүйекке жеттің ғой,
Сөзеке, сонша саған не ғылдым?..





Пікір жазу