meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.06.2022
  149


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Ақ балтырлар ән салып...

Ақ балтырлар ән салып,
Көзбен тыңдап көктем жүр.
Көкше бұлттан тамшы ағып,
Көктің жүзі көктеңбіл.
Желмен жүре сөйлесіп,
Тұман тарқап барады.
Көңіл осы:
Кейде өсіп,
Кейде өксіп қалады.
Қақ суы анау телегей,
Түпсіз терең тәрізді.
Өмір осы:
Теңеген
Терең менен тайызды.





Пікір жазу