13.06.2022
327
365 КҮН МЕН ТҮН
«Егер мені жыл он екі ай жазып жыр,
арқасы ұстап, жүдеп-жадап, азып жүр», —
десе — сенбе,
әзіл бұл.
365 күн бойы мен ақын
бола алмаспын,
талады ғой қанатым,
пана болмай Парнас таудың аспаны
шың іздермін қонатын.
365 түн бойы мен ақын
бола алмаспын,
байырқаса қара түн
жарқыратар шырақ та емен,
жұлдыз да
365 түн бойы жанатын.
Солай, шырақ,
Сиқырым жоқ ешқандай,
қос мүйізім жоқ және де қошқардай,
бар болғаны ескен желдей еркінмін,
ағын судай ақтарылам жасқанбай.
Солай, солай,
теңемеңдер жұлдызға,
жалау да емен қадалатын шың-құзға,
бәлкім,
анау бұлтқа ұқсас шығармын,
ақ жаңбырын арнап жүрген бір қызға.