meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.06.2022
  175


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Шыбынымды шырқыратып сен кеттің...

Шыбынымды шырқыратып сен кеттің,
шылымымды бұрқыратып мен қалдым,
шәрбатыңа шөлдеттің,
шөлдетердей неңді алдым?
Қоңырауың тыншымды алып барасың,
омырауым шым-шым етті оқ теспей,
көз қиығын саласың,
өз күйігім жетпестей.
Қара көзді төңкердің де наздандың,
бала кезгі үркектігің аз мүлде,
өртенуге аз қалдым,
өртейтіндей жаздым не?





Пікір жазу