13.06.2022
  121


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Сырымды кімге ашпадым? —

Сырымды кімге ашпадым? —
Тыңдады тамшы, шық бәрі.
Бірі де сенен басқаның
Жанымды бірақ ұқпады.
Махаббат миын жаулаған
Жан екем аңқау, ақымақ.
Жалынның сырын лаулаған
Түсінсін қайдан жапырақ?
Осылай жұмбақ күн кешіп,
Өмірге жүр ем өкпелеп.
Өзіңмен бүгін тілдесіп,
Жүздесіп қалдық
Шоқ пен от.
Деміміз біздің жиі ысып,
Сәулелі сырлар шерткенбіз.
Жалын мен алау сүйісіп
Айналып кеттік өртке біз.





Пікір жазу