13.06.2022
  128


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АНАМА. БІРІНШІ ЖЫР

Ана деген атыңды,
ардақтауға жарап біз,
қарлығаштай хатыңды
бойтұмарға балаппыз.
Сүттей аппақ пейілің,
ала жіптен аттатпай,
бойға сіңіп мейірім,
көрмей өстік шетқақпай.
Шартарапқа шарқ ұрып,
ұшқан балапандарың,
әрбір тұстан алқынып,
аңсап жетсін ардағын.
Алпыс деген көп жас па,
бата тілеп, қол жайып,
шалайық та бозқасқа,
ел-жұрт болып тойлайық.
Ұрпағыңның жүрегі
жүрегіңе тіл қатсын,
немерелер тілегі,
көздің жасын құрғатсын!





Пікір жазу