13.06.2022
  102


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ЗІЛСАНДЫҚ

Бөлмемде бар бір сейф,
Кілтін ешкім таба алмай,
Көп кісілер жүр кейіп,
Керек затын ала алмай.
Әрбір адам — бір құлып,
Кілті жатқан аспанда.
Бір бірінен сыр бүгіп,
Құпиясын ашқан ба?
Әрбір адам — бір жұмбақ,
Шыңырауда шешімі.
Ашылмаған сыр — қымбат,
Құлыптаулы есігі.
Жан — құпия...
Оны кім
Аша алады, досым-ай,
Кілт іздеумен өмірің
Өте шығар осылай...





Пікір жазу