13.06.2022
82
АЯМЕЙІЗ
Аямейіз — алты күн,
алағаншыққа айналды.
Қыстың тулақ — тамтығын
қанжығасына байланды.
Құс қанаты сызылып,
қысастық қылды кісәпір,
бет-моншағы үзіліп,
болады-ау ертең мүсәпір.
Теріс таққан тебінгі,
бұлқан да талқан бораны...
көңілдегі кеміңді
толтыра алса жарады.