meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.06.2022
  154


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АКВАРИУМ ТУРАЛЫ АЛЛЕГОРИЯ

Жұлдыз көкті жамайды,
Түн көзінде — жарық бар.
Маған аяп қарайды
Аквариумда — балықтар.
Дүниенің даңынан
Мылқаулығы мың артық,
Балықтарға табынам,
Көз жасына құмартып.
Қайта-қайта айналып
Келе берем қасына.
Әй, балық-ау,
Әй, балық,
Байқас болшы басыңа!..
Байқас болшы, —
Кеңесім,
Сенің басың — ерек бас,
Саған ғана емес ол
Бәрімізге керек бас!





Пікір жазу