13.06.2022
  100


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ИЕРОГЛИФТЕР

Сүйегің асыл ма еді,
Шірік пе еді,
Тіршілік шығарады сілікпені.
Маңдайға жазылады әжім болып,
Уақыттың жұмбақ иероглифтері.
Жай осы!
Жыл артынан жыл көшеді,
Жаныңмен жапырақтар тілдеседі.
Жарандар
Жүрегіңде жатқан шерді
Жүзіңнен оқымаса білмес еді.





Пікір жазу