13.06.2022
123
ӨРМЕКШІ
Күндер еді бұл неткен
әрі-сәрі?..
Жапырақтың жердегі бәрі сары.
Сынбаған ба ақынның әлі сағы —
Қалам қысқан саусағы қарысады.
Мылқау көктің көркі ме соқыр Ай, Күн?
Өрмекші де өрмегін тоқымай тым
Өлімсіреп тұрғанда туған өлең
Кімге керек?
Ешкім де оқымайтын.
Түсінетін пенде жоқ сөз бағасын,
Көзін емес
шел басқан көзқарасын.
Өлеңіңді ішіңде өлтір,
Ақын,
Кей өрмекші жейді екен өз баласын...