13.06.2022
  148


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Сезім өлді...

Сезім өлді,
бойымда бір от сөніп,
Ешкім көңіл айтпады тірек болып.
Таба алмадым тал түсте жарық күнді
Іші-сыртым қараңғы,
түнек толып.
Сенім өлді,
айырылдым бар асылдан,
Табылмады тағы да жанашыр жан.
Жарау аттай едім ғой таң асырған,
Түрім құрсын белдеуде аласұрған...
Көңіліне қобалжу,
күдік еніп,
Бара жатыр зымырап ғұмыр-елік.
Елмен емес,
сырласам желмен ғана,
Қылы үзілген қобыздай күңіреніп.





Пікір жазу