13.06.2022
188
ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ БАР
Өткен күнде белгі бар:
шапқан жерін ор қылар,
таңдайыңды сор қылар,
самайыңды бор қылар,
маңдайыңа тор құрар;
Өткен күнде белгі бар:
жүрегіңді тоңдырар,
сабағыңды солдырар,
жігеріңді құм қылар,
қайратыңды қор қылар;
Өткен күнде белгі бар:
ойлай берсең тер жуар,
жігіт болсаң жөнің жоқ
көз жасыңды көл қылар;
Өткен күнде белгі бар,
келді кезің бел буар...