13.06.2022
  221


Автор: Ұлықбек Есдәулет

«ЖЕТІМ БҰРЫШ»

Қорлықты мына кім көрген:
Алматы толы — үйсіздер.
Үйсіз де күйсіз жүргенмен
Ұрпақтың қамын үнсіз жер.
Кіргені — кісі есігі,
Соған да көңіл жайланар.
Сәбидің сәмбі бесігі
Тербелер бұрыш қайда бар?
Ол үшін кім бар қайғырған,
Алматы толы — жетімдер.
Малдасын құрған маймылжан,
Торыңның маған шетін бер!





Пікір жазу