13.06.2022
117

КҮШІК
Кішіде қандай баға бар? —
Қаукелек қақсам кішік боп,
Арлан боп алған ағалар,
Әзілдер маған «күшік» деп...
Әлемнің бүкіл иттері
Жабылып үріп жатқанда,
Қосыла қойман — өйткені
Жоқпын ғой үрген, қапқанға.
«Қабаған бол!» — деп шулайды ел,
Үрмесең — құның көк тиын.
Күшік боп оңай туғанмен,
Күшік боп қалу көп қиын!