13.06.2022
103
Қайғысыз болсаң — тұщынып...
Қайғысыз болсаң — тұщынып,
Қара су іш те қана бер.
Қанатсыз көкке ұшырып,
Қайтарып алар қара жер.
Сыңсып бір қалған еліңді,
Сыңсып бір тұрған орман де.
Тереңнен қазып көріңді,
Тепкілеп көмсе — арман не?
Көрешек болса — көрерміз,
Тілекті тәңір бермес пе?
Бәлкім біз қайтып келерміз,
Кетсек те Барсакелмеске?!