13.06.2022
  113


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Өртеніп кейде орасан

Өртеніп кейде орасан
Өткен өмірді ойлайсың.
Өз кеудеңе қарасаң —
Төбелес шыққан тойдайсың.
Өзегіңді күйдіріп
Өте шығар от құйын.
Алуан арман, қилы үміт
Құны бүгін — көк тиын.
Қан жылаған жүректің
Қамыққаны кем бе еді?
Жігеріңді құм еттің —
Сепкен дәнің өнбеді.
Сатып алған дау қымбат,
Қай күйігін тартарсың?
Дос — табансыз, жау — жұмбақ,
Кімге үміт артарсың?





Пікір жазу