13.06.2022
140
Қалада жауған қардың қара болатынын...
Қалада жауған қардың қара болатынын,
көргенде кеудемде жара қалатынын,
сен түсінесің бе, бауырым? —
сондықтан менің күйіктен
жанымды алдарқатар шарап алатыным...
Ауылға барсам жолатпай құлын тебетінін,
Жүрегімс сонда алма бақ гүлін себетінін,
Сен түсінбейсің ғой, бауырым! —
Сондықтан менің үздіксіз
Удай ащы шылым шегетінім...