13.06.2022
140
Ақыл тісі шықса да ақыл кірмей...
Ақыл тісі шықса да ақыл кірмей,
Ақылдыларға жақын жүрмей,
Бір дұшпанының атын білмей,
Ақымақ болған қайран басым,
Мүшел жасқа кеп ойланғасын —
Не сорым?
Ой бағып, қой мен қозы бақпай,
Құлағы барға сөзі жақпай,
Ақ пен қараны ажыратпай,
Адасып баққан соқыр басым,
Мүшел жасқа кеп опынғасын —
Не сорым?
Жалғанды жалпағынан басып та өткен,
Қызуының қайнарын шашып-төккен,
Қызықтың да қақпасын ашып кеткен,
Кісіні менсінбес құмай басым,
Мүшел жасқа кеп мұңайғасын —
Не сорым?