13.06.2022
119
ТӨҢКЕРІС
Жаман атқа жал бітіп,
Жақсы құлға төр тиіп,
Ақымаққа әл бітіп,
Аты жоққа мөр тиіп;
Жүргендерді жан күтіп,
Тәубасына келтіріп,
Байбатшаны қаңғытып,
Хан, патшаны өлтіріп,
Шаш ал десе бас алды,
Құртпақ болып құдайды...
Құдай, бірақ қашанғы
Тәлкегіңе шыдайды?