13.06.2022
98
КОРРИДА
Үргедек ой үрейленді,
Үрікті,
Өткен шақтың бәрі бейне күдікті?
Шындық үшін шайқастарға шыққанда
Өтірік те бірге «уралап» жүріпті...
Сенеміз бе?
Сенбейміз бе?
Қайтеміз?
Бүгін алшы кеше түскен тәйкеміз.
— Аралым! — деп айғайлап кеп, күні ертең
деп жүрмейік «Арал деген қай теңіз?»
Өткен шақты өлгенінше сынайық,
Өзімізге қандай баға ылайық?
Қызыл мата көрсеткендей бұқаға
Келешектің қарсы алдынан шығайық!