13.06.2022
187
МАЙШЕЛПЕК ТУРАЛЫ ДИАЛОГ-ЕРТЕГІ
— Жерұйық пенен
Жиделібайсын...
жетті ғой бізге қанша ертек,
пешенеңе оның тигені қайсы?
— Тигені жалғыз майшелпек!
— Жемейсің бе енді, шелпегің қайда,
нәр сызбай неге ойландың?
— Жомартпын өзім, ертегім бай да,
қонаққа сақтап қойғанмын.
— Қорлықты дәйім аштықтан көрдің,
өзің-ақ жесең нетеді?
— Үш жүз жыл бойы достыққа үйрендім,
сарқытын жесем жетеді...
онсыз да маған «әй, тентек» деуде,
желтоқсан-жыным қысқанда.
Келіңдер, достар, майшелпек жеуге,
майшелпек Қазақстанға!..