12.06.2022
  117


Автор: Ұлықбек Есдәулет

БАҚЫТ ҚАЙДА?

Тағдыр сыйын татып көп,
патша болдым.
бақыт жоқ...
халқым ол да — бақытсыз,
қара көже — қатықсыз,
қайғы ойлаймын жатып кеп.
Бақытты ма бір адам?
байдан тіпті сұраман —
күні өтеді күлкісіз,
түні өтеді ұйқысыз,
байлықты ойлап жылаған...
— Бақыт бар ма?
Сатып кет!
— Бұйырмасын, бақыт жоқ...
... Іздей берсем табар ма ем,
бақытты да болар ма ем,
әттең, соған уақыт жоқ...





Пікір жазу