12.06.2022
  124


Автор: Ұлықбек Есдәулет

БІР АҒАНЫҢ АҚЫЛЫ

Өренім, өкпең өшкенше
өкшелей қума шындықты,
бұралар бір күн мойының,
болсаң да асқақ тым мықты,
шырылдап шыққан шуақты
шыңғыртып талай түн жұтты,
мүләйім әлем мүлгіді
сезбегендей боп сұмдықты.
Шындық пен жалған — қос безбен
өмірдің құрған өлшемін,
тәңірден туған тірліктің
тәрк етпе ешбір бөлшегін,
өтірікті естіп тұрсаң да
бойыңда болсын мол сенім,
шындықтың жетсең түбіне —
түбіңе жетер ол сенің!





Пікір жазу