12.06.2022
  103


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ДАРВИНИЗМ

Өмір қойған сұрақтарға
өлім жауап береді,
тағдырыңа жылап барма,
ол да өзектен тебеді.
Тірі адамның тіршілігін
уақыт өзі екшемек,
құр жасықтық — күрсінуің,
жасуға да жоқ себеп!
Табаныңның тайғақтығын
жалтыр мұзға жаппағын, —
заман өзі сайлап бүгін,
құрып отыр қақпанын.
Өзге біреу қайғырсын, қой,
жүре бергін еркелеп,
сен — кешегі маймылсың ғой,
кісімсуің ертерек...





Пікір жазу