12.06.2022
  119


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ТҰСКИІЗ

Қатипа Байторықызына
Кеденде тұрған
кесір шал теңселе басқан,
теңімді қиып,
жүгімді өршелене ашқан.
«Тұсыңа іл» деп
Сіз берген тұскиізді алып,
— Өткізбеймін! — деп
құшақтап кеңсеге қашқан.
Қызара бөртіп,
қырсық шал қызған-ақ екен,
— Сыйы еді бұл, деп, апамның! -
шыжбалақ етем.
архиға тойып алғанмен өзі де қазақ,
қазақтың сыйын қазақтан қызғана ма екен?..
«Бүтін жаралған
бауырды екіге бөлген,
шекара деген осы-ау» деп өкіне бергем.
Мас пенде емес сол жерде
сау тәңір тұрса:
— Ұлтымның басын қосшы!.. -
деп өтінер ем мен!..





Пікір жазу