12.06.2022
97
ЖЫЛ ҚҰСЫ
Ұясынан ұшқанда
Қайта оралмас құс бар ма?
Әттең, дәурен — құс емес,
Тамсандырған түс-елес,
Қайта оралтар күш қайда?
Тасып өзен тіл қатар,
Тас лақтырсаң шым батар.
Тасқын су ғой — бұл өмір,
Батпас үшін жүзе біл, —
Тірлік заңы тым қатал.
Құтылмайсың қашып түк,
Құшағыңды ашып, күт:
Қайта көрген түстей боп,
Қайта келген құстай боп,
Қайта оралар ғашықтық!..