12.06.2022
131
СОЛОВКИ-ТОРҒАЙ. МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
Шәкірттері іздеп,
шақыра барды,
туған жеріне Ақын оралды:
алдымен жетті киелі сөзі,
соңынан келді...
сүйегі — өзі.
Ашылды кітап кірпігі баяу...
аталы сөздің сиқыры бар-ау,
оята алмай арманда кеткен
ұрпағы әлі ұйқылы-ояу...