12.06.2022
  160


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҰЛЫТАУ. ҚҰРБАНДЫҚ. ҚОБЫЗ ҮНІ.

Қабырғам қақырайды қасіреттен...
қан жұтып, қайғы жұтып ғасыр өткен.
құдай-ау,
қай дәуірде,
қай заманда
қазақтың көздерінің жасы кепкен?
Қыр бар ма қазақ тәні көмілмеген,
ой бар ма қазақ қаны төгілмеген?
қашаннан құрбандыққа қайыл халық
қайғысыз қара суға семірмеген.
Қырылса қара орманым қынадайын,
қалайша жоқтамайын,
сұрамайын?
құрыған аштықтан да, қастықтан да,
қайда сол қыршындардың құны, ағайын?
Тереңге тамырларын жайған шынар,
балтадан көз ашпаса қайдан шыдар?
қара жер
қанша жебір болса дағы,
қазақтың сүйегіне тойған шығар?!.





Пікір жазу