12.06.2022
476
Түн ұйқысын төрт бөліп...
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Бесігін шайқап тербеген.
Арқалап белін талдырып,
Көтеріп талай терлеген.
Қилы заман көрсе де
Жаманшылық көрмеген.
Есіме алып Анамды
Жырыма қосып тербелем.
Дүниеде не қымбат,
Айтыңдаршы, ағайын?
Ана десем ардақты
Келісесің талайың.
Аяулы асыл Анамды
Жырламай неге қалайын.
Дүниеге әкеліп,
Ашқызған өмір сарайын.