meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.06.2022
  174


Автор: Жангелді Немеребай

Көп жылдар өтті тынбастан...

Көп жылдар өтті тынбастан,
Кездер де кетті қырды асқан.
Күндерді сол бір сағындым,
Өзіңмен талай сырласқан.
Көктемнің сәні гүлмісің?
Көңілде қалған бір мүсін.
Сезімді, ғашық кезімді,
Ұмытты ғой деп жүрмісің...





Пікір жазу