12.06.2022
132
![](/uploads/shorttexts/author_image/5b57eb5819edc502e0970b5fd7d174ce-200x300.jpg)
ҚЫЗЫМА
Жақсы тілек күтеміз елден бүгін,
Құтты болсын өмірге келген күнің.
Әкешіңнің әнімен сыйға тартқан,
Қуанышты кешіңде тербел күнім.
Күлімдеші үнемі әппақ айым,
Көздеріңнен от көріп шаттанайын.
Елдің гүлі болсаң да болашақта,
Тәрбиені қазақы сақта дәйім.
Қыз баланың ежелден жолы күтім,
Бар айтарым-адам бол ары бүтін.
Алақанда аялап әлпештеген,
Ата-анаңның ақтағай зор үмітін!